Фото

Алматы маңындағы қыр дала гүліне толды – фото

Sputnik

Мамыр айында бүр жаратын көкнәрдің гүл ашып тұратын уақыты тым қысқа. Сондықтан бұл көз тойдырар көрікті көріністі тамашалау үшін асығу керек.

Бұл "алаулаған" гүлдер бірнеше күн ғана гүлдеп тұрады. Қала маңында жайылған дала гүлі алқабы ерекше көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, естелік ретінде әдемі суретке түсудің таптырмас мүмкіндігі болып отыр. Бұл сұлу көрініс сағаттап тамашалауға тұрарлықтай.

Жалпы, Алматы маңында жайқалып тұрған дала гүлі есірткі өсімдігі емес. Ол көбіне тау жотасында, алқапта өседі. Оны кей адамдар апиын көкнәрімен шатастырып жатады.

Оқи отырыңыз: Жапонияда сакура ерте гүлдеді – фото

Мұнда ремерия, қазақша қызылтаңдай деп аталатын түрі өседі. Sputnik Қазақстан фототілшісі бірнеше күнге ғана созылатын табиғат сұлулығын суретке түсіріп қайтты. Дала гүлін төмендегі материалдан тамашалаңыз.

1 / 9
Көкнәр біржылдық, екіжылдық немесе көпжылдық болып жіктеледі. Өсімдіктерден ақ, сары немесе сарғыш түсті сүтті шырын бөлініп шығады.
2 / 9
Әдетте шөлді аймақтарда, яғни, алқапта, тау қыраттарында өсетін бұл гүлдің әлем бойынша жүзге тарта түрі бар.
3 / 9
Бұрынырақта ол декортивті өсімдік ретінде өсіп келген. Қазір көкнәр ұрығы наубайханада жиі қолданылатыны белгілі. Сонымен қатар маргарин әзірлеу үшін қажетті техникалық майды да дәл осы гүлдің ұрығынан дайындалады.
4 / 9
Кейбір елдерде ұйықтататын препарат немесе апиын дайындауға арналған көкнәр өседі. Әлі бүр жармаған түйіндеріндегі сүтті шырыннан апиын әзірлеу бірнеше жүздеген жылдан бері қалыптасты.
5 / 9
Балқан және славян дәстүрінде дала гүлі ерекше символды өсімдік болып саналады. Мысалы, грек мифологиясында Ұйқы құдайы Гипностың атрибуты ретінде көрсетілген.
6 / 9
Сонымен қатар Егіншілік құдайы Деметра да дала гүлі символымен дәріптелген. Оның Мекона атты есімдерінің бірі гүлдің орысша атауы "мак" сөзімен ұйқасуы да кездейсоқ емес көрінеді.
7 / 9
Әлем халықтарының арасында таралған көптеген аңыз-әңгімеде көкнәр жазықсыз төгілген қанды сипаттайды. Кей хикаяда жер бетіндегі алғашқы гүл Иса пайғамбардың қанынан өсіп шыққаны айтылған.
8 / 9
Ежелгі халықтардың көбісі көкнәрді қайғы және қасірет символы деп қарастырады. 1915 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде ауыр ахуалды елге жеткізгісі келген канадалық әскери дәрігер көкнәр мен соғысты, төгілген қанды сипаттап өлең жазды. Сол уақыттан бері қызғалдақ соғыс кезінде қаза тапқандарды еске алу құрметіне тағыла бастады.
9 / 9
Ал қазақ жерінде дала гүлі қыстың артта қалып, жаз жақындаған қуанышты сәттің белгісі іспеттес. Сондай-ақ бұл гүл еркіндік пен бостандықтың белгісі.