Фото

Ғалам аруы-2021: көркіне көз тоймайтын сұлулардың суреті

Sputnik

"Әлем аруы 2021" байқауында Мексиканың атынан қатысқан Андреа Меза бас жүлдені иемденді. Ол 1994 жылдың 13 тамызында Мексиканың солтүстігінде орналасқан Чиуауа атты қаласында туған. Оның жасы 26-да. Оның отбасында қытай мен мексикалықтардың ұрпағы бар.

Андреа Меза нағыз ақылына көркі сай сұлу. Ол орта мектепті жақсы бағамен аяқтаған соң, жергілікті университетке оқуға түсіп, программалық қамтамасыз ету мамандығын игерген. Оқу орнын тәмамдағаннан кейін ғалам аруы диплом алып, ІТ саласында "инженер-программист" мамандығы бойынша қызметін бастаған.

Ол осы жұмысымен бірге сән әлеміндегі қызметпен де әуестенген.

"Ғалам аруы 2021" байқауына қатысқанға дейін бірнеше жыл бұрын ол "Әлем аруы" байқауы мен осы саладағы түрлі деңгейдегі басқа конкурстарға да қатысқан.

"Ғалам аруы" байқауында жеңіске жеткен Андреа Меза аталған жарыста басына тәж киген үшінші мексикалық бойжеткен. Оның алдында Лупита Джонс пен Химена Наваррате жеңіске жеткен болатын.

Оқи отырыңыз: "Оскарға" жұлдыздар не киеді: жұрттың қызу талқысына түскен көйлектер – фото

Андреа Меза экстремалды спорт түрлерін аса жақсы көреді. Ол – Чиуауа қаласындағы туристік брендтің ресми елшісі.

Сонымен қатар әйел құқығы үшін күрес жүргізіп, гендерлік теңсіздік тоқтатылуын насихаттаумен айналысады.

69-шы рет өткізіліп отырған "Ғалам аруы" байқауында Андреа Меза қазылар алқасын өзінің көркімен, ақылымен баурап алып, әлем елдерінен келген жетпістен астам бәсекелесінен озып шықты.

1 / 29
Мексикадан келген Андреа Меза "Ғалам аруы 2021" байқауының жеңімпазы атанды. Оның жасы 26-да, мамандығы бойынша программист.
2 / 29
Қазақстандық Камилла Серікбай "Ғалам аруы" байқауының ең үздік он қатысушысы тізіміне енген жоқ.
3 / 29
Голливудтың Seminole Hard Rock қонай үйі мен казиносындағы "Ғалам аруы" байқауының сахнасында тұрған қатысушылар.
4 / 29
Бразилиялық Джулия Гама байқау сахнасына аспан түстес шомылуға киетін киім киіп шықты.
5 / 29
Байқау финалында Андреа Меза етегі еденге жететін қызыл көйлек киіп шықты. Бұл әсем киім моншақтармен және жылтырлармен сәнделді. Суретте: "Ғаламшар аруы" қатысушылары байқау жеңімпазын құттықтап жатыр.
6 / 29
Байқауға АҚШ атынан қатысқан Ася Бранч.
7 / 29
Голливудта өткен "Ғаламшар аруы-2021" байқауының сахнасында өнер көрсетіп жатқан бишілер.
8 / 29
Вьетнамнан келген сұлу Нгуен Тран Ханх Ван.
9 / 29
Чехия өкілі Клара Ваврускова.
10 / 29
Теңдессіз Аманда Обдам Таиланд атынан қатысты.
11 / 29
"Ғалам аруы-2021" байқауының жеңімпазы мексикалық Андреа Меза сары түсті шомылуға арналған киім киіп шықты.
12 / 29
Бразилиялық Джулия Гама да Андреа Меза секілді финалға өтті.
13 / 29
"Ғалам аруы-2021" бақауын жүргізушілер Оливия Калпо мен Марио Лопес.
14 / 29
Никарагуадан келген Ана Марсело.
15 / 29
Пуэрто-Рико атынан қатысқан Эстефана Сото.
16 / 29
Жапониялық ару Аиша Харуми Точиги. Оның арт жағында қазақстандық Камила Серікбай келе жатыр.
17 / 29
Коста-Рика қатысушысы Ивонн Сердас Касканте.
18 / 29
Бұл байқауға Ресей атынан 2019 жылы өткен "Ресей аруы" байқауының жеңімпазы – Алина Санько қатысты.
19 / 29
Қытайдан келген Цзясинь Сунь "Ғалам аруы-2021" байқауына қатысуда.
20 / 29
Қатысушы Рабия Матео Филиппины атынан жарысқа түсті.
21 / 29
Франциядан келген Амандин Пети байқау сахнасында тұр.
22 / 29
Польша атынан Наталья Пигуа сынға түсті.
23 / 29
Перу атынан сұлулық байқауына қатысқан Яник Масета Дель Кастильо де ақтық сынға өтті. Бірақ жеңіс мексикалық бойжеткенге бұйырды.
24 / 29
Жарқыраған күлкісімен көз сүйсіндірер италиялық сұлу Вивиана Виццини "Ғалам аруы-2021" байқауында.
25 / 29
Жүргізуші Оливия Калпо "Ғалам аруы-2021" байқауының сахнасында суретке түсіп тұр.
26 / 29
Колумбиядан келген Лаура Оласкуага.
27 / 29
"Таиланд аруы" Аманда Обдам "Ғалам аруы-2021" байқауының сахнасында.
28 / 29
Жаңа "Ғалам аруына" тәжді 2019 жылы аталған байқауда жеңіске жеткен ОАР өкілі Зозибини Тунци кигізді.
29 / 29
Жаңа "Ғалам аруы" Андреа Меза байқауға қатысушылардың құттықтауын қабыл алуда.