Әлем

Рейкьявикте қандай мәселе талқыланады

Рейкьявикте Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің кездесуі өтеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Тараптар қос мемлекетті қандай ортақ мүдделер байланыстырып тұрғанын анықтау керек. РИА Новости Исландияда нақты қандай мәселе талқыланатыны туралы хабарлады.

Лавров ресейлік саясаткерлердің Қазақстан туралы мәлімдемесін сынға алды
Ядролық және ядролық емес қару, шабуылдау және қорғаныс қарулануы секілді стратегиялық тұрақтылыққа қалай да әсер ететін мәселенің барлығы келіссөздер үстеліне шығарылуы керек. Америкалықтар біздің әдісімізді біледі", – деп Сергей Лавров аталған кездесуге дейін осындай мәлімдеме жасады.

Сыртқы ведомство басшысы америкалық әріптесімен Ресейдің мүдделеріне қатысы бар халықаралық проблемалар бойынша өз позицияларын айқындап, Ресеймен қарым-қатынастың бағдарын анықтайтын "кәсіби әңгімеге" үміттеніп отыр.

Лавров алғаш рет Блинкенмен 19 мамырда – Исландияның астанасында өтетін Арктикалық кеңес отырысында кездеседі. Дипломаттар бетпе-бет кездесіп, келелі мәселелерді талқылайды. Дәл осы Рейкьявикте 35 жыл бұрын КСРО және АҚШ көшбасшылары Михаил Горбачев пен Рональд Рейган кездескен.

Арадағы келіссөздердің шиеленіске толы болатыны белгілі. Себебі соңғы уақытта Ресей мен АҚШ қарым-қатынасы нашарламаса, жақсара қойған жоқ. Бұл жағдай Джо Байденнің америкалық телеарнадағы сұхбат кезіндегі жаласынан бастап Украина шығысындағы оқиғалармен тіпті шиеленісе түсті. Америка да орыстарға қарсы санкцияларды төпелей берді. Екі елді біріктіріп тұрған соңғы келісім – Ашық аспан бойынша келісім жойылды. АҚШ бұл құжаттан өткен жылдың қарашасында бас тартса, Ресей де осы бағытты ұстанды.

Әйтсе де өзара іс-әрекетке әлі де үміт бар. Америкалық тараптың ұсынысы бойынша Путин мен Байден кездесуінің алдында үміт те еселеніп жатыр. Саммит маусымның ортасына қарай Еуропадағы қаланың бірінде өтуі ықтимал. Бірақ әзірше күні де, орны да белгісіз.

"Мәселе мұндай іс-шараны қалай ұйымдастыруда болып отыр. Себебі жоғары деңгейдегі кездесу екі ел арасындағы ең жауапты саяси-дипломатиялық іс-шара болып саналады", – деді Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков.

Мамырдың ортасында Colonial Pipeline компаниясына хакерлер шабуыл жасап, соның салдарынан АҚШ-тың Шығыс жағалауы отынсыз қалды.

"Әзірше біздегі барлау қызметі бұл оқиғаға Мәскеудің қатысы бәр екенін растайтын айғақ тапқан жоқ. Бірақ шабуыл жасаған қылмыскерлер Ресейде тұратынының дәлелі қолда бар", – деп мәлімдеді Джо Байден.

Лавров АҚШ пен Ресей қарым-қатынасына қатысты пікір білдірді
Ресейдегілер америкалық көшбасшының мұндай әдеттегіден тыс "зілсіз" пікірін алдағы уақыттағы ынтымақтастыққа жетелейтін алғашқы қадам деп бағалады.

2013 жылы президент Барак Обама мен Владимир Путин ақпараттық-коммуникативтік технологиялар саласында өзара әрекеттестік туралы уағдаласты. Мәскеу мен Вашингтон ақпарат алмасуға арналған екіжақты механизмдер әзірледі. Ал Путин мен Дональд Трамптың Гамбургтегі G20 алаңындағы алғашқы кездесуде америкалық көшбасшы киберқауіпсіздік проблемаларының анализіне арналған екіжақты сараптамалық топ құруды ұсынды. Алайда ол Вашингтонға оралған соң бұл ойынан айнып қалды. Кейіннен ынтымақтастық мүлде тоқтатылды да, ақпарат алмасуды қайта жаңғырту мүмкін болмады.

АҚШ-тың жаңа әкімшілігі Ресеймен қарым-қатынасты теңгерімнен айырмауға тырысып келеді. Қайткенде де Ресей мен АҚШ-тың мүдделері өңірдегі проблемаларды реттеу бойынша сәйкес келмесе де, үйлесім табатыны анық. Сондықтан Лавров пен Блинкен осы жылдың қыркүйегінде АҚШ әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылуын талқылайтын болады.

Сонымен қатар ядролық тежеу және стратегиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша байланыс жалғасып келеді. Қазір Ресей мен АҚШ-тың ортақ мәмілеге келіп, жақсы қарым-қатынасты орнатуға ықпал ететін сала жоқтың қасы болса да, стратегиялық шабуылдау қаруларын шектеу туралы жаңа келісімшарт талқылануы әбден мүмкін.

Оның үстіне алдағы екі жылда Ресей ресми түрде Арктикалық кеңестің төрағасы қызметін атқарады. Ал бұл салада америкалықтармен келіссөз жүргізу қарқынды жалғасып жатыр.