Әлем

Ресейлік әнші Манижа "Евровидение" байқауының финалына өтті

Евровидение ешқашан дау-дамайсыз өткен емес. Бұл осы байқаудың өзіне тән ерекшелігі десек те болады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. 18 мамырда Голландияның Роттердам қаласында "Евровидение-2021" байқауы басталды, деп жазды РИА Новости.

Екі жылға созылған зарыға күту уақыты мәресіне жетіп, күні кеше Rotterdam Ahoy аренасы тек Еуропаның ғана емес, бүкіл әлемнің музыкалық орталығына айналды. Әнсүйер қауым мен өнерпаздар екі жыл бойы шкафтарында шаң басып жатып қалған сәнді киімдерін, боа мен түрлі жылтырақ аксессуарларын ала шығып, Евровидениеде өнер көрсететін өз елінің өкіліне қолдау көрсетуге кірісті.

18 мамырда өткен екі жартылай финалдың бірінің нәтижесі бойынша он қатысушы ақтық сынға жолдама алды. Евровидение дәстүрден жаңылмай жарқыраған сахнасы, алып экрандары, көздің жауын алар алуан түстерімен тағы да жұртшылықты таңғалдырды. Мұндағы 3D-проекциялар мен байқауға қатысушыларды таныстыратын бейнежазбалар құдды бір өнер туындысы іспеттес.

Ресейлік әнші Манижа "Евровидение" байқауының финалына өтті

Тіпті, Евровидениені жүргізген Nikkie de Jager-ді ертегі кейіпкерімен шатастыруға болар еді. Байқауға қатысушылар да кейіндеп қалмады. Солтүстік Македониядан қатысқан Vasil өнер көрсету барысында пиджагының түймесін ағытып жіберіп, роттердамдық аренаны "кеудесінен шашыраған шуаққа бөледі".

Ал Ирландиядан келген Lesley Roy ән орындаған үш минут бойы картон орман арасында жүгіріп, қағаз көшелермен серуендеді. Бірақ жоғарыда аталған қос өнерпаз да әсерлі орындауы мен арнайы эффектіні тиімді қолдануына қарамастан, байқау финалына өтпеді.

Байқауда Ресей Федерациясының намысын қорғайтын Манижа үшінші болып өнер көрсетті. "Орыс әйелі" атты ән орындаған ол сахнаға алып көйлек киіп шықты. Бір қарағанда орыс халқының ұлттық киіміне ұқсайтын бұл көйлектегі есік арқылы Манижа атып шығып, қызыл комбинезон киген күйде ән айтуды жалғастырды. Оның өнер көрсетуінде бәр сәтте барлығы қамтылғандай әсер қалдырды. Себебі мұнда фольклор да, әлеуметтік-желілік толеранттық астар да, рэп те, хор да, би де болды. Эклетика мен феминистік манифест бейнесі секілді.

Алайда Манижаның еркіндігі, батылдығы мен жалыны айрықша екені анық байқалды. Ол өзінің батылдығын тікелей эфирдегі ән орындауы арқылы шебер жеткізді. Оның дауысынан діріл де байқалмады. Өз туған елі оның жартылай финалда-ақ жеңіліс табатынын болжаған Манижа осылайша ақтық сынға өтті. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Первый Канал (@1tv)

Евровидение ешқашан дау-дамайсыз өткен емес. Бұл осы байқаудың өзіне тән ерекшелігі десек те болады. Ең бірінші болып өнер көрсеткен Литвадан келген әнші жігіт сахнаға биік өкшелі аяқ киім киіп шықты. Сондықтан ескілікті жақтайтын, аса толерантты көрермен байқауды одан әрі тамашалай алмайтыны анық болды.

Біраз уақыттан кейін сахнаға шыққан Швеция әншісі де сырт келбетімен егде жастағы азаматтардың жағасын ұстатқаны белгілі.

Әйтсе де жартылай финалдағы еуропалық қоғамның гендерлік қауымының еркіндігі Евровидениенің бас мәселесі болған жоқ. Биылғы байқау жақсылық пен жамандық, періште мен ібілістің сахнасына айналғандай. Словениядан келген әртіс алғашқы "аллилуйя" әнін орындаған соң, артынша-ақ Кипр әншісі шайтан туралы даулы композицияны орындап шықты.

Оқи отырыңыз: "Бір адамның "тапсырысы": Крутой Димаш жайлы қауесеттерге жауап берді

Норвегиялық әнші адасқан періште кейпінде киініп, туралық пен тазалық жайлы ән орындады. Алайда ол аса жылтыр костюмімен қысқы ұйқыдан оянған Ақшақарға қатты ұқсады. Қайткенде де Словения әншісі финалға өтпеді, ал кипрлік сұлу Евровидение сахнасында тағы ән айту мүмкіндігіне ие болды. Әзербайжан мен Украинадан келген қос әнші де осы қарама-қайшылық аясындағы трек орындап, финалға өткен Норвегия, Израиль, Ресей, Мальта, Литва, Кипр, Швеция және Бельгия әншілерінің қатарын толықтырды.

Жалпы Евровидениенің алғашқы жартылай финалы сапалы, әлеуеті жоғары әндерімен таңғалдырды. Ендігі кезекте нағыз тартыс басталады. Евровидениенің финалы сенбі, 22 мамырда өтеді.