Қоғам

Алматыда автобустың астына түскен әйел оқиға орнында көз жұмды

Жолаушы белгіленген жерде жолды өтіп кетпекші болған. Бірақ автобус жүргізушісі оны байқамай қалды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр — Sputnik. Алматыда 208-бағдарда жүрген автобустың жүргізушісі тежегішті басып үлгермей, қатты жылдамдықпен әйелді қағып өлтірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Алматыда автобустың астына түскен әйел оқиға орнында көз жұмды

Қайғылы оқиға Жангелдин мен Пестковский көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, әйел белгіленген жерде жолдың арғы бетіне өтіп бара жатқан. Ал автобус жүргізушісі оны бірден байқамады. Содан тежегішті уақытында баспай, қатты жылдамдықпен жолаушыны қағып кеткен. Соққының қатты болғаны сонша, 46 жастағы әйел бірнеше метрге ұшып кетті. Ол жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды.

Алматыда автобустың астына түскен әйел оқиға орнында көз жұмды

Айта кетейік, тура сондай жағдай бірнеше күн бұрын болған. Достық пен Абай даңғылдары маңайында №128 автобус жаяу өткелге шыққан әйелді соғып кетті. Салонда болған тағы бір әйел зардап шекті. Екеуі де ауруханаға жеткізілді.