Денсаулық

Қазақстанда бір тәулікте 2018 адамнан коронавирус табылды

Науқастардың жартысынан астамы үш өңірде – Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысында анықталды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 2018 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Айта кетейік, бір күн бұрын 1837 науқас тіркелген болатын.

Өңірлер бойынша мәлімет:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 264,
  • Алматы қаласы - 525,
  • Шымкент қаласы - 81,
  • Ақмола облысы - 131,
  • Ақтөбе облысы - 68,
  • Алматы облысы - 114,
  • Атырау облысы - 66,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 77,
  • Жамбыл облысы - 21,
  • Батыс Қазақстан облысы - 98,
  • Қарағанды облысы - 328,
  • Қостанай облысы - 35,
  • Қызылорда облысы - 24,
  • Маңғыстау облысы - 56,
  • Павлодар облысы - 97,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 14,
  • Түркістан облысы - 19.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 364 048.