НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр - Sputnik. Дәрігер Александр Мясников балалар үшін қауіпті өнім түрлерін атады. Өрік пен шабдалы дәнектерінде көгерткіш қышқыл болады. Бұл – ащы бадам иісі бар улы сұйықтық.
Дәрігер Мясников көгерткіш қышқыл денені улап, өлімге әкелуі мүмкін екенін айтты.
"Балалық шағымызда осы дәнектерді таспен шағып жейтінбіз. Жыл сайын осы дәнектерді жейтін балалар көгерткіш қышқылдан уланып қайтыс болады", - деп келтіреді Мясниковтың сөзін РИА Новости.
Биолог Екатерина Баранова көп жағдайда балалардың шабдалыға аллергиясы болатынын айтады.
"Егер сіз қабығы мен ақуызы көп болатын бөлігін тазалап немесе оны қайнатып жіберсеңіз аллергия болмайды", - деді Баранова.
Бұрын Роскачество алманың дәнін жеуге болмайтыны туралы жазған болатын, өйткені оның құрамында да көгерткіш қышқыл бар. Бірнеше дән жеу қауіпсіз, ал зақымдалған дәндер аз мөлшерде цианид бөледі.
Бұл қышқыл аюбадамның піспеген жемістерінде де кездеседі. Сондықтан толық піскен жемістерді пайдаланған абзал.