Оқиға

Ауыл сыртындағы орға тастаған: Алматы облысында 31 жастағы ер адамды атып кетті

Күдікті ұсталды, қазір қамауда отыр, оның қылмысқа не себепті барғаны анықталып жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. Алматы маңында 31 жастағы қала тұрғынын белгісіз қарудан атып кетті. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды Алматы облысының полиция департаменті.

16 мамырда Іле ауданының полициясына Түймебаев ауылында қарудан оқ атып жатқаны туралы ақпарат түсті. Анықталғандай, белгісіз екі адам арасында жанжал шыққан.

Тәртіп сақшылары екеуінің де кім екенін анықтады, олардың біреуі 24 жастағы жергілікті тұрғын. Ол ұсталып, полицияға жеткізілді. Күдікті кісі өлтіргенін мойындады.

"Күдікті жәбірленушінің мәйітін жасырған орынды көрсетті. Жәбірленуші Алматының 31 жастағы тұрғыны. Ол марқұмның денесін ауыл сыртына апарып, орға тастап, топырақпен көме салған. Қылмыс жасалған қару әзірге табылған жоқ", - деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметіндегіер.

Тағы оқыңыз: Бөлшектеп, үстіне бетон құйған: Атыраудағы сұмдыққа қатысты тың дерек шықты

Қазір Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Қылмысқа не себеп болғаны анықталуда. Күдікті Іле ауданының полициясында қамауда отыр.

Сонымен қатар жәбірленушіге болжам бойынша тапаншадан оқ атылғаны белгілі болды. Қарудың маркасын сараптама анықтайды.