НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. "Қазгидромет" синоптиктері 18-20 мамырда ауа райы қандай болатынын болжады.
Метеорологтардың мәліметіне сәйкес, апта ортасында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылып, кей жерлерде күн күркіреп, шығыста, солтүстікте, орталықта жаңбыр жауады.
"20 мамырға қарай еліміздің оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. 19 мамырдан бастап Салехард аумағынан суық антициклонның ығысуына байланысты күндізгі ауа температурасы солтүстікте 12-17, орталықта 15-20, кей жерлерде 12, шығыста 10-15, кей жерлерде 7 градус жылыға дейін төмендейді", - делінген хабарламада.
Республикада кей аумақтарда жел күшейіп, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін.