Фото

"Ғалам аруында" бақ сынаған сұлулар ұлттық киіммен сахнаға шықты – фото

Sputnik

Сап-сары күнбағыс, гүлдеген шие, әсем орхидея. Теңіз, күн және Диего Марадона. Осы атрибуттың барлығы байқауға қатысқан арулардың костюмдерінде көрініс тапты.

Байқауда Қазақстан намысын қорғаған қызылордалық Камилла Серікбай әлем байқауының сахнасына "Күнкей" сән үйінің дизайнері Сабина Наурызалинаның авторлық жұмысы – ұлттық нақыштағы киім мен сәукелені киіп шықты.

Ал басқа қатысушылар өз костюмдерін әзірлеу барысында "ұлттық" ұғымынан біршама ауытқып, фантазияға басымдық бергені анық байқалады. Ұлттық киімді дайындаған дизайнерлер өз елдеріндегі бар жақсыны айшықтайтын детальдерді шет қалдырмауға тырысқан.

Мысалы, Панама өкілі сахнаға арқа тұсына бекітілген алып зәкір штурвалымен шықса, Непалдан келген қатысушы альпинистерге арналған комбинезон және айрықша стильдегі бетпердемен шықты. 

Бұл байқау да қолайсыз жағдайсыз өтпеді. Кейбір мәлімет бойынша Украинадан келген арудың костюмі белорус суретшісі қолынан шыққан туындының плагиаты екені белгілі болды. Ал америкалық арудың костюмі 2018 жылы "Ғалам аруы" байқауына қатысқан қазақстандық Сабина Әзімбаеваның киім үлгісіне қатты ұқсас болды.

1 / 20
Байқауға Қазақстан атынан қатысқан Камилла Серікбай әлем байқауының подиумына "Күнкей" сән үйінің дизайнері Сабина Наурызалина дайындаған ұлттық костюмді киіп шықты.
2 / 20
Коста-Рика аруы Ивонн Сердас Касканте.
3 / 20
Доминикан Республикасының аруы Кимберли Хименес.
4 / 20
Аргентина аруы Алина Аксельрад.
5 / 20
Барбадос аруы Хиллари Энн Уильямс.
6 / 20
Боливия аруы Ленка Немер.
7 / 20
Канада аруы Нова Стивенс.
8 / 20
Сальвадор аруы Ванесса Веласкес.
9 / 20
Чили аруы Даниэла Николас.
10 / 20
Ұлыбритания аруы Дженетт Акуа.
11 / 20
Перу аруы Яник Масета Дель Кастильо.
12 / 20
Панама аруы Кармен Харамилло.
13 / 20
Дания аруы Алмонд Петри.
14 / 20
Украина аруы Елизавета Ястремская.
15 / 20
Ямайка аруы Микеал-Симон Уильямс.
16 / 20
Непал аруы Аншика Шарма.
17 / 20
Индонезия аруы Аю Маулида Путри.
18 / 20
Мексика аруы Андреа Меза.
19 / 20
Вьетнам аруы Нгуен Тран Ханх Ван.
20 / 20
АҚШ аруы Ася Бранч костюмі 2018 жылы осы байқауға қатысқан қазақстандық Сабина Әзімбаеваның киіміне қатты ұқсас болды.