НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимін алып тастау жөніндегі бұйрыққа қол қойды.
Төтенше жағдай режимі өткен жылдың 9 сәуірінде Сайрам өзенінің суы арнасынан асып, жағалаудағы үйлерге жеткеніне байланысты жарияланды.
"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылдың 6 сәуірдегі заңының 27-бабына сәйкес Шымкент қаласы әкімінің 2020 жылдың 9 сәуірдегі №2 "Жергілікті ауқымдағы табиғи төтенше жағдай жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын", - делінген жарияланған құжатта.
Шымкент қаласы әкімінің аппаратына заңнамамен белгіленген тәртіппен осы шешімді әділет министрлігінде тіркеу тапсырылды. Жобаны талқылау нормативтік-құқықтық актілер порталында 31 мамырға дейін өтеді.
Неге Шымкентте төтенше жағдай режимі жарияланды
Өткен жылдың наурызында Шымкент тұрғындары Сайрам су өзенінің жағалауына жақын тұрғын үйлердің маңайын су шайып кеткеніне шағымданған. Жергілікті төтенше жағдай режимі сәуірдің басында жарияланды.
Оқи отырыңыз: Шымкентте карантин талабы өзгерді – жаңа қаулы шықты
Қала билігі Қаратау ауданы Сайрам алқабы мен Еңбекші ауданы Базарқақпа тұрғын алаптарында өзен жағалауын су шайып кету салдарын жоюды қолға алды.