Қоғам

"Аман қалудың жалғыз жолы…" Мейрамбек Бесбаев халыққа үндеу жасады

Әнші вакцинаны жазда салдыруды жоспарлап отыр. Өйткені ағзасында коронавирусқа қарсы антиденелер бар
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр — Sputnik. Қазақстандық әнші Мейрамбек Бесбаев Almaty tv арнасындағы Paparazzi бағдарламасында халықты вакцина салдыруға үндеді.

Әншінің пікірінше, індеттен құтылудың бірден-бір жолы – вакцина салдыру.

"Вакцинаны салдырмаса болмайтын шығар. Онсыз болмайды. Өйткені қаншама жақындарымыздан айырылдық. Бұл ойнайтын нәрсе емес. Өте қауіпті індет. Одан сақтанудың тиімді жолы вакцина болып тұр. Сондықтан аман қалу үшін халықты вакцина салдыруға үндеймін",  - деді Мейрамбек Бесбаев. 

Әншінің өзі вакцинаны жазда салдыруды жоспарлап отыр. Өйткені ағзасында коронавирусқа қарсы антиденелер әлі бар екен.

Айта кетейік, Мейрамбек Бесбаев жыл басында коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсті.