Қоғам

Министрлік коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жаңартты

16 мамырдағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясынан 38 625 адам емделіп жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Қазақстанда бір тәулікте 15 адам коронавирус инфекциясы салдарынан, екі адам пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

"16 мамырдағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясынан 38 625 адам емделіп жатыр (38 047 КВИ+ және 578 КВИ-), олардың 14 055-сі стационарлық, 24 570 науқас амбулаторлық жағдайда ем қабылдауда", - деді денсаулық сақтау министрлігіндегілер.

КВИ+ және КВИ пациенттерінің арасында:

  • 822 науқас ауыр жағдайда,
  • 192 науқас өте ауыр жағдайда жатыр,
  • 111 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

Сонымен қатар, 16 мамырдағы жағдай бойынша 1 836 821 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды.

Оқи отырыңыз: Пандемияның екінші жылы адам өлімі әлдеқайда көп болуы мүмкін - ДДСҰ 

Өткен тәулікте 2 459 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.