Қоғам

"Үйімді сағындым": Алматы облысындағы әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз ұсталды

Қашып кеткен сарбаз екі күннен кейін Сарыөзек станциясында ұсталды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Сарбаз тәртіптік жазаға тартылатын болады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Алматы облысында 18 жастағы әскери қызметші Дархан Мырзабаев Заречный кентіндегі 5574 әскери бөлімінен өз еркімен кетіп қалған. Екі күннен кейін оны әскери полиция ұстады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлады.

14 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданынан шақырылған мерзімді қызметтегі әскери қызметші Дархан Мырзабаев бөлімнен рұқсатсыз кетіп қалады. Оны әскери бөлімнің жеке құрамы іздестіріп, өзара әрекеттегі органдарға да хабарланды.

Оқи отырыңыз: Әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз Тараз маңында ұсталды

Жергілікті БАҚ Мырзабаев тамызда 19 жасқа толатынын жазды.

"Дархан Мырзабаевты 16 мамыр күні таңғы сағат үште Сарыөзек станциясында әскери полиция ұстады. Сарбаздың айтуынша, үйін сағынып әскери бөлімнен кеткен", - деп атап өтті ведомстводағылар.

Қазіргі уақытта Мырзабаев Заречныйдағы әскери бөлімге оралды. Аталған факт бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша қатардағы жауынгерге қатысты тәртіптік шара қолданылады, деп қосты Ұлттық гвардиядағылар.