ХАМАС қозғалысының содырлары Израиль аумағына зымырандық және минометтік шабуылды 10 мамырда бастады.
Израиль билігі бірнеше палестиналық отбасыны Шығыс Иерусалимнен көшіріп жіберуге әрекеттенгеннен кейін бұл жағдай ушықты.
Соққылар мен қақтығыстардың салдарынан қазірдің өзінде ондаған адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алды. Соңғы хабар бойынша израильдіктер Газа секторында құрлықта операция жүргізуді жоспарлап отыр.