НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр — Sputnik. Ақмола облысында қайын ағасына пышақ жарақатын салған әйел ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
13 мамырда сағат 17:12-де Аршалы ауданының ПБ кезекші бөліміне фельдшерден Жібек Жолы ауылында 46 жастағы ер адам пышақ жарақатын алғаны туралы хабарлама түсті.
Күйеуі үйде болмаған: Атыраудағы жантүршігерлік қылмыстың мән-жайы анықталды
Науқас Нұр-Сұлтан қаласының ауруханасына "тоқ ішектің пышақ жарақаты" диагнозымен жеткізілді.
Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары зардап шеккен адамның мүгедек екенін, "ақыл-ой кемістігі" диагнозымен есепте тұрғанын анықтады. Оған дене жарақатын салған інісінің 24 жастағы әйелі болып шықты. Әйел өз кінәсін мойындады, бәрі жанжал кезінде болғанын айтты.
Полицейлер Қазақстан Қылмыстық кодексінің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.