Видео

Тәжікстанда табиғи апат адамдардың өмірін қиды – видео

Тәжікстанның оңтүстігінде 15 ауданда сел жүрді. Құтқарушылар жолдарды тазартып жатыр, адамдар қаза тапты. Толығырақ видеодан көріңіз
Sputnik

Сел салдарынан ғимараттар, көпірлер қирады, үйлерді су басты. Соңғы мәлімет бойынша, табиғи апаттан қаза тапқандар саны 9 адамға жетті.

Атап айтқанда, Куляб қаласында көлікте отырған алты ер адам көз жұмды, Гиссар қаласында қойшы қаза болды.

Сонымен қатар, елдің төтенше жағдайлар комитеті табиғи апат салдарынан тозығы жеткен бірнеше ғимарат қирағанын, үй учаскелері бүлінгенін, сондай-ақ автомобиль жолдарын су шайып кеткенін хабарлады.

Республикада келген залалды анықтап, табиғи апаттың зардабын жою үшін президент Эмомали Рахмонның тапсырмасымен үкіметтік комиссия құрылды.