НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымұлова 2022 жылы әйгілі әнші Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы қалай аталып өтетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, министрлік мерейтойды дайындау және өткізу үшін жалпыреспубликалық жоспар енгізді. Осы жоспар бойына бірнеше шара көзделген.
"Соның ішінде Роза Бағланованың есімін ЮНЕСКО-ның күн тәртібі бойынша жасалатын атаулы күндер күнтізбесіне енгізу мәселесі жүргізіліп жатыр. Республикалық "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы бар екенін білесіздер. Осы ұйымға Роза Тәжібайқызы Бағланованың есімін беру жоспарланып отыр", – деді Райымқұлова халыққа есеп беру кездесуінде.
Сондай-ақ бірнеше қалада, мысалы Қызылорда мен Нұр-Сұлтанда қаласындағы көше мен музыкалық мектеперге Роза Бағланованың аты беріледі.
Бірнеше фестивальдер мен концерттер, республика бойынша қойылымдар, кинотүсірілімдер өтеді. Бірнеше кітап мен фотоальбом шығарылады.
Бұдан бөлек, Ұлттық банк мерейтойға арнап монета шығарады, қазақстандық пошта маркасы да басылады.
Оқи отырыңыз: "Сталин қос бұрымыма мақтау айтты": Роза Бағланова туралы не білеміз - фото
Айта кетейік, Роза Бағланова 1922 жылы 1 қаңтарда Қызылорда облысындағы Қазалы қаласында дүниеге келген. Қазақстан және КСРО Халық әртісі, Халық Қаһарманы, "Тарлан" сыйлығының иегері.
Күміскөмей әнші 90 жасқа қараған шағында 2011 жылы 8 ақпанда дүние салды.