Қоғам

Қазақстанда коронавируспен ауырған адамдардың саны күрт көбейді

Коронавируспен ауырған адамдардың көп жағдайы Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында және Қарағанды ​​мен Алматы облысында тіркелді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын 2 549 адам жұқтырды. Ал бір күн бұрын 2 283 жағдай тіркелген болатын, деп хабарлады ведомствоаралық комиссия.

Жалпы пандемия басталғаннан бері елде 353 140 адамның індет жұқтырғаны расталды.

Статистика бойынша Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы өңірлер арасында әлі де көш басында тұр. Сондай-ақ Қарағанды мен Алматы облысында COVID-19 ауруы санының өсуі байқалады.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 452,
  • Алматы қаласы - 557,
  • Шымкент қаласы - 125,
  • Ақмола облысы - 130,
  • Ақтөбе облысы - 102,
  • Алматы облысы - 222,
  • Атырау облысы - 75,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 102,
  • Жамбыл облысы - 34,
  • Батыс Қазақстан облысы - 123,
  • Қарағанды облысы - 348,
  • Қостанай облысы - 27,
  • Қызылорда облысы - 31,
  • Маңғыстау облысы - 46,
  • Павлодар облысы - 102,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 25,
  • Түркістан облысы - 48.