Қоғам

"Өмірге қош келдің, балам": танымал қазақстандық әншінің тұңғышы дүниеге келді

Кентал есімімен танымал әнші Талғат Кенжеболатов 2020 жылы отбасын құрған болатын
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр — Sputnik. Танымал әнші Талғат Кенжеболатов сәбилі болды. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жариялады.

"Қасиетті мерекенің алғашқы күні күні ұлды болдық. Балам бақытты, мейірімді, әділ адам болсын! Өмірге қош келдің, балам", - деп жазды әнші Instagram-парақшасында.

Әншінің әріптестері мен жанкүйерлері бақытты әкені ораза айт күнімен тұспа-тұс келген қуанышымен құттықтады.  

Олардың арасында Санжар Мәдиев, Луина, Шоқан Маратұлы, Тәуекел Мүсілім, Сая Оразғалиева, Альбина Шардарова бар.  

"Алақай. Қош келдің, періште", "Кентал, сен үшін өте қуаныштымын, құттықтаймын", "Талғат, тілектерін орындалсын, денсаулық тілеймін", - деп ізгі тілектерін білдірді олар.