Экономика

Қазақстанда цифрлық теңге қашан пайда болады

Пилоттық жоба 2021 жылдың екінші жартысында іске асады, деп мәлімдеді Ұлттық банк төрағасы
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев цифрлық теңге қашан енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Цифрлық валютаны енгізудің ықтимал әсерлерін зерттеу нәтижелері, пилоттық жобаның қорытындысы және мүдделі тараптармен талқылау өткеннен кейін цифрлық теңгені енгізу қажеттілігі туралы шешім қабылданады және жол картасы әзірленеді", - деді Досаев үкімет отырысында.

Ол пилоттық жоба 2021 жылдың екінші жартысында іске асатынын атап өтті.

Биыл 5 мамырда Ұлттық банк цифрлық валютаны енгізу туралы баcтаманы жариялады. Цифрлық теңгенің ақша-кредит саясатына және қаржылық тұрақтылыққа, төлем қызметтері нарығына әсері анықталады.

Баяндамада цифрлық валютаның технологиялық және экономикалық сипаты, Ұлттық банктің цифрлық теңгені зерттеу және енгізу тәсілдері, ықтимал әсерлерін алдын ала бағалау және пилоттық жобаның сипаттамасы қамтылған. Цифрлық теңге қолма-қол ақшаны айырбастауға арналмаған. Егер енгізілсе, заңды төлем құралына айналады.

Оқи отырыңыз: Доллардың қымбаттауы халық күнкөрісіне қалай әсер етеді - сарапшылар пікір білдірді