Қоғам

Қазақстанда тағы бес адам пневмониядан көз жұмды

Мыңға жуық науқас еліміздің инфекциялық стационарларында ауыр және өте ауыр жағдайда жатыр, 122 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр — Sputnik. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия пневмониядан қайтыс болғандар статистикасын жаңартты.

10 мамырдағы жағдай бойынша елде коронавирус белгілері бар пневмония 13 адамда анықталды, алайда олардың ПТР тесті теріс нәтиже көрсеткен. Бес адам көз жұмды. 

12 мамырдағы жағдай бойынша елде коронавирус жұқтырған 40 056 адам бар (39 671 КВИ+ және 385 КВИ-), оның ішінде 14 495  пациент стационарда, 25 561 пациент амбулаториялық деңгейде емделіп жатыр.

КВИ+ және КВИ пациенттерінің арасында:

  • 799 науқас ауыр жағдайда,
  • 192 науқас өте ауыр жағдайда жатыр,
  • 122 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

Оқи отырыңыз: Өткен тәулікте Қазақстанда 1 811 адамнан COVID анықталды

Айта кетейік, Қазақстанда 2020 жылдың 1 тамызынан коронавирус белгілері бар пневмония 53 584 адамда анықталған, 842 адам көз жұмған.

Өткен тәулікте 1 811 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.