Экономика

Қазақстан экономикасы қалпына келіп жатыр – министр

Ерғалиевтің айтуынша, өңдеу өнеркәсібі саласында серпінді және тұрақты өсім байқалып, негізгі капиталға инвестициялар артқан
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Қазақстан экономикасы қандай жағдайда екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 "2021 жылғы қаңтар-сәуір қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны өткен жылғы наурыздан бері алғаш рет 0,7%-ті құрады. Қазақстан экономикасы өсімнің қалпына келу серпініне өтуде. Қызмет көрсету саласының өсуі жақсарды. Ішкі сұраныс жақсаруда", – деді Ерғалиев үкімет отырысында.

Айтуынша, өңдеу өнеркәсіп салаларында серпінді және тұрақты өсім байқалады. Қызмет көрсету саласы оң өсімді көрсетіп отыр. Сонымен бірге экономиканың өндіруші емес салаларында негізгі капиталға инвестициялар айтарлықтай өсіп жатыр.

"Жалпы алғанда, экономика өсімінің құрылымында сапалы өзгерістер байқалуда", – деді ол.

Оқи отырыңыз: Ұлттық экономика министрі келешегі бар салаларды атады

Бұған дейін Қазақстан ЖІӨ 2020 жылдың қорытындысы бойынша 2,6%-ке төмендегені хабарланды.