Қоғам

Атырау облысына көрші елден 600 азамат келді

Жергілікті тұрғындар қара жұмыстан қашады, бос орындарға Өзбекстаннан келген жұмысшылар алынуда
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр — Sputnik. Атырау облысында өзбек азаматтары көбейді. Көктемгі дала жұмыстарына көрші елден тағы 600 адам келді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Арзан жұмыс күші негізінен мал бағып, егін шаруашылығымен айналысады. Олардың ішіп-жемі, жатын орны мен жол-пұлы да тегін.

"Айтқан тапсырмаңды мезгілінде орындайды.Науқанда керек уақытында,  суару жағдайы, малдың қырқым жұмыстарда жергілікті жігіттер жұмысты тастап кете береді. Амал жоқ. Жиын кезінде жастарды, әйелдерді де шақырамыз. Келеді, бірақ олар шет елден келген мигранттардай еңбек етпейді", - дейді шаруа қожалығының атқарушы директоры Ақтұрлан Ерманов. 

Алыстан келген әрбірінің шығынына 220 мың теңге жұмсалыпты. Қазіргі уақытта олар айына 100 мың теңгеге көктемгі дала жұмыстарына тартылған. Ал жергілікті тұрғындар бұл ақшаға келіспейді.

Оқи отырыңыз: Оңтүстік Кореядан Қазақстанға айына 5 миллиард теңге аударылады

Қала тазалығы да еңбек мигранттарының мойнында. Облыста сырттан келген 70 адам қазір көше сыпырып жүр.