Оқиға

Нұр-Сұлтанда Toyota Camry жүк көлігінің астына кіріп кетті – жантүршігерлік видео

Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің 51 жастағы жүргізушісі көз жұмды. Желіде жантүршігерлік апаттың фотосы мен видеосы тарады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Shacman жүк көлігі Toyota Camry автокөлігімен соқтығысты, деп хабарлайды елорданың полиция департаменті.

Жол апаты дүйсенбі шамамен 18:40-та болды.

Тергеу анықтағандай, Toyota Camry-дың 51 жастағы жүргізушісі Әл-Фараби даңғылымен 40-шы стансаға қарай келе жатып, қарсы бетке шығып кеткен. Салдарынан 32 жастағы ер адам жүргізген Shacman жүк көлігімен соқтығысты.

Camry жүргізушісі оқиға орнында қаза болды.

Нұр-Сұлтан полициясы жүргізушілерден жолда сақ болуды және жол ережелерін қатаң сақтауды сұрады.