НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Павлодар қаласының полициясы оқиға куәгерлерін іздестіріп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, белгісіз біреулер көліктің артына адамды байлап сүйреген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Біз видеоны мұқият зерделеп шықтық. Осы факті Павлодар полициясында тіркелді. Қазіргі кезде оқиға қатысы бар адамдар мен куәгерлер анықталып жатыр", – деді департамент басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Кайыров.
Оқи отырыңыз: Тау-шаңғы базасындағы сұмдық: арқанжол істен шықты – видео
Павлодар полициясы видеоны түсірген немесе оқиға куәгерлері туралы қандай да бір ақпарат білетіндер болса, 102 немесе 8 777 458 66 88 телефонына хабарласуды сұрайды. Ал тәртіп сақшылары тарапынан куәгерлердің аты-жөнін жарияламауға кепілдік беріледі.