НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр — Sputnik. Павлодар қаласының полициясы түнгі уақытта "адам сүйреген" көліктің видеосы қашан түсірілгенін анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін әлеуметтік желіде адамға ұқсас бір нәрсені сүйреп бара жатқан қара түсті жеңіл көліктің видеосы тараған болатын. Полицейлер көліктің қай жерден өткенін анықтады. Ол – Назарбаев даңғылы мен Толстой көшесінің қиылысы. Осы оқиғаға қатысты тексеріс жұмыстары жүргізілді.
"Тексеріс нәтижесінде видеоның Павлодар қаласында 2019 жылы "Аға" фильмі кезінде түсірілгені анықталды. Ал автокөлікке адамның манекенін байлаған ", - дейді облыстық полиция департамент басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.