Қоғам

"Психологиялық тұрғыдан ауыр тиді ": Мөлдір Әуелбекова неден қауіптенетінін айтты

Әнші он шақты күн бұрын коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауруханаға түскен еді
Sputnik

АЛМАТЫ, 10 мамыр – Sputnik. Мөлдір Әуелбекова коронавирустан жазылып, ауруханадан шықты. Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Коронавирусты жеңіп, ауруханадан үйге келдік. Дәрігерлердің еңбегін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сізде "положительный" дегенде коронавирустың өзі психологиялық тұрғыдан ауыр тиеді екен", - деп жазды Әуелбекова.

Ол сондай-ақ босанғанша үйден шықпай, күтінетінін айтты.

"Хәлімізді сұрап, уайымдап, хабарласып жатқан жаны жайсаң шынайы жанашырларыма рахмет! Енді босанғанша ешқайда шықпай, сабыр етіп, үйде отыруым керек. Қайта жұқтыру жылдамырақ әрі қауіптірек болады екен", - деді әнші.

Коронавирус жұқтырған Мейрамбек Бесбаев қазақстандықтарға үндеу жасады

Айта кетейік, қазір Мөлдір Әуелбекова екінші сәбиіне аяғы ауыр. Ол бірінші мамырда ауруханаға түсті.