НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады.
Ол қазақстандықтар мен ресейліктер қан майдан мен тылда КСРО-ның басқа халықтарымен бірдей ерлік көрсеткенін атап өтті.
"Нацистік Германияны жеңуге Қазақстан өлшеусіз үлес қосқанын жеке атап өтуді борышым деп санаймын. 1 миллион 350 мың қазақстандық майданға аттанды. Соғыс жылдарында 528 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын иеленсе, төртеуі екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды", - деді Алексей Бородавкин.
Мәскеу үшін шайқаста Алматыда құрылған әйгілі 8-ші гвардиялық Панфилов дивизиясы ерекше көзге түсті. Астана іргесінде Гитлердің танкілерін тоқтатқан 28 панфиловшы батырдың ерлігі ешқашан ұмытылмайды, деп жалғастырды елші.
"Қазақстанда Ұлы Отан соғысын ұмытпай, жас ұрпаққа кеңес халқының ұлы жеңісіне құрметпен қарауды үйрететіні қуанышты", - деді елші.