Әлем

Полицейлер 22 адамды атып өлтірді

Метроның екі жолаушысы мен екі полиция қызметкері жарақат алды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр   
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 7 мамыр – Sputnik. Бразилияда метродағы атыс салдарынан бір полиция қызметкері мен 22 күдікті қаза тапты, пойыздың екі жолаушысы және екі полиция қызметкері жарақат алды, деп хабарлады РИА Новости G1 порталына сілтеме жасап.

"Рио-де-Жанейро азаматтық полициясының заңсыз есірткі айналымына қарсы операциясы кезінде 23 адам қаза тапты. Оқиға бейсенбі күні таңертең Рио-де-Жанейроның солтүстік аймағындағы Жакарезинью муниципалитетінде болды", - делінген хабарламада.  

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, полиция қызметкері Андре Фриас басына тиген оқтан көз жұмған.

Метрополитен пойызының екі жолаушысы мен екі полиция қызметкері жарақат алды. Арнайы операцияда қаза тапқандар саны – статистика жүргізіле бастаған 2016 жылдан бергі рекордтық көрсеткіш.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.