АЛМАТЫ, 7 мамыр – Sputnik. Таразда жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қайғылы жағдай 6 мамырда Абай даңғылы бойында болған. Апатқа кінәлі көлік жүргізушісі оқиға орнынан бой тасалаған.
"Жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқан адамның бөлшектенген денесі жолдың әр жерінде шашылып жатыр", - деп жазылған инстаграмдағы onlinetaraz паблигінде.
Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, апатқа байланысты тергеу амалдары басталды.
"Полиция қызметкерлері көлік жүргізушісін анықтап, оны ұстады. Бірқатар сараптама белгіленді", - деп хабарлады полиция.
Тергеу нәтижесі қосымша хабарланады.
Taraz_v_obektive телеграм-каналында апаттың видеосы жарияланды. Видеоны жүйкесі нашар адамдарға көруге болмайды.
Оқи отырыңыз: "Бөлшектеп тастаған": Алматыдағы жантүршігерлік қылмыстың мән-жайы белгілі болды