АЛМАТЫ, 6 мамыр – Sputnik. Оралда бойжеткен көпірден секіріп кетті, деп хабарлады жергілікті "Мой Город" басылымы.
Оқиға 5 мамырда кешкі сағат 19.00 шамасында қалалық мәдениет және демалыс саябағында болған. Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 жастағы бойжеткен өзіне қол салғысы келген.
Оқиға орнына келген құтқарушылар оны судан алып шықты. Аталған жағдайға байланысты қылмыстық кодекстің 105-бабы "өзіне қол жұмсауға жеткізу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысында 16 жастағы қыздың жоғалуына құрбысының қатысы бар болып шықты
Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қыз аман. Оған ми шайқалу және іштің жабық жарақат алуы диагнозы қойылды. Қыз облыстық көпбейінді аурухананың хирургия бөлімшесіне жеткізілді.