Өңірлер

Оңтүстік Кореяда жұмыс істегісі келген түркістандықтар алаяққа алданып қалды

Күдікті ұсталды және қазір "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр — Sputnik. Түркістан облысының полиция қызметкерлері Түркістан тұрғындарын 3 миллион теңгеге алдап соққан алаяқты ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Алдымен Түркістан полиция басқармасына жергілікті тұрғын шағымданып келді. Ол әйел танысы Оңтүстік Кореядан жұмыс тауып беремін деп, одан алаяқтық жолмен 1,5 миллион теңге алғанын айтқан. Не жұмыс жоқ, не ақша жоқ болған соң жәбірленуші полицияға арыздануға мәжбүр болған.

Полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 190-бабы – "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Оқи отырыңыз: Жұмысқа тұрмақ болған аула сыпырушы 2 миллиард қарыз болып қалды 

Жедел іздеу шаралары кезінде қалалық полиция қызметкерлері бұрын сотты болған күдіктіні ұстап, оны полиция басқармасына жеткізді.

Оның осы секілді тағы бес алаяқтық әрекетке қатысы бар екені анықталды.

Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі үш миллион теңгеге жуықтаған.

Күдікті қамауға алынды. Істің мән-жайы анықталып жатыр.