Қоғам

Экс-министр Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі тағы да ұзартылды

Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы ешқандай да сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы жоқ екенін мәлімдеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Сот бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін 14 маусымға дейін ұзартты.

"Сот күдікті Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін сегіз айға дейін ұзарту туралы өтінішті ішінара қанағаттандыру туралы шешім шығарды. Біртановқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімі 8 айға дейін ұзартылсын: оның мерзімі 2021 жылдың 14 мамырынан 2021 жылдың 14 маусымы 21 сағат 56 минутқа дейін есептеледі", - деді Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы Айбек Әбу.

Сот үйден шығу шарттарын өзгерткен жоқ.

Бұған дейін Елжан Біртановқа үйден 8:00-ден 19:00-ге дейін шығуға рұқсат етілгені белгілі болды. Бұған қоса, экс-министр коммерциялық құрылымға жұмысқа орналасты.

Еске салсақ, 2021 жылы 21 сәуірде сот Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін 14 мамырға дейін созды.

Біртановтың соттағы мәлімдемесі

Экс-министр Елжан Біртанов сотта ешқандай заңсыз әрекет, әсіресе коронавирус пандемиясы кезінде жемқорлық қылмыстарын жасамағанын мәлімдеді.

Тағы оқыңыз: Экс-министр Біртанов сотта мәлімдеме жасады

"Өткен жылдың жазында медициналық көмек көрсетуде ауқымды проблемалар болды. Мен бұрынғы денсаулық сақтау министрі ретінде салаға жетекшілік еткендіктен медициналық көмек көрсету сапасына жауапты екенімді толықтай түсінемін. Жауапкершіліктен жалтарып отырған жоқпын", - деді Біртанов.

Ол пандемия кезінде мемлекеттік органдардың іс-әрекетін жан-жақты тергеу әділ жүреді деп үміттенетінін жеткізді.