НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Қазақстанда бір тәулікте 34 адам коронавирус инфекциясы салдарынан, бес адам пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
5 мамырдағы жағдай бойынша елде коронавирус жұқтырған 44 572 адам бар (44 202 КВИ+ және 370 КВИ-), оның ішінде 15 015 пациент стационарда, 29 557 пациент амбулаториялық деңгейде емделіп жатыр.
КВИ+ және КВИ пациенттерінің арасында:
- 784 науқас ауыр жағдайда,
- 196 науқас өте ауыр жағдайда жатыр,
- 117 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.
Өткен тәулікте 2 298 адамнан коронавирус инфекциясы, 29 адамнан вирусты пневмония анықталды.