НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр — Sputnik. Әділ Жанұзақов Қазақстанның Тұңғыш президенті протоколының бастығы болып тағайындалды, деп хабарлады Elbasy.kz.
"Елбасының шешімімен Әділ Болатұлы Жанұзақов Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы протоколының бастығы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.
Жанұзақов бұған дейін Елбасы протоколы бастығының орынбасары болып жұмыс істеген.
Айта кетейік, Арслан Дәндібаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Елбасы протоколының бастығы қызметінен босатылды.