НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Алматыда Жандосов көшесі мен Навои көшесінің қиылысында қоғамдық көлік бойжеткенді қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, №121 бағыттағы автобус Навои көшесімен солтүстік бағытқа қарай келе жатқан. Жаяу жүргіншілер өткеліне ондаған метр қалғанда бойжеткен жолдың белгіленбеген жерінен кесіп өтпек болған.
Оқи отырыңыз: Рөлде шенеуніктің ұлы болған: Нұр-Сұлтанда жетім баланы көлік қағып кетті
Бойжеткен жолға қарай жүгіріп шыққандықтан, автобус жүргізушісінің апаттың алдын алу үшін жасаған әрекеті нәтижесіз болды. Ол тежегішті жедел басқан. Бірақ инерциямен қозғалған автобус соққысынан бойжеткен қатты зардап шекті. Кейіннен ол ауыр халде жақын ауруханаға жеткізілді.