Қоғам

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны біршама азайды

Алматыда 650-ден астам адам індетті жұқтырған, ал Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысында 200-ден астам науқас тіркелді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 2076 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Айта кетейік, бір күн бұрын 2 496 науқас тіркелген болатын.

Өңірлер бойынша мәлімет:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 250,
  • Алматы қаласы - 658,
  • Шымкент қаласы - 65,
  • Ақмола облысы - 137,
  • Ақтөбе облысы - 27,
  • Алматы облысы - 180,
  • Атырау облысы - 44,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 77,
  • Жамбыл облысы - 58,
  • Батыс Қазақстан облысы - 73,
  • Қарағанды облысы - 240,
  • Қостанай облысы - 26,
  • Қызылорда облысы - 73,
  • Маңғыстау облысы - 3,
  • Павлодар облысы - 125,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 6,
  • Түркістан облысы - 34.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 330 071.