Оқиға

Алматылық әйел оныншы қабаттың терезесінен секіріп кетті

Оқиға орнында көз жұмған әйелдің осы кезге дейін психикалық денсаулық орталығында тіркеуде тұрғаны анықталды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Алматыда 49 жастағы әйел көпқабатты тұрғын үйден секіріп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға 3 мамырда Алматының Алмалы ауданындағы тұрғын үй кешенінің бірінде болған. 

Өз-өзіне қол жұмсаған 1972 жылы туған әйелдің психикалық денсаулық орталығында тіркеуде тұрғаны анықталды.

"Аталған факті Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді. Оқиғаға қатысты тергеп, тексеру жұмыстарын Алмалы ауданының полиция басқармасы жүргізуде", – делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда ер адам әйелінің көзінше 10-шы қабаттан секіріп кетті