НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Түркістанда түнгі сағат екіде дауыс зорайтқышпен ән айтқан жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды жергілікт ОтырарТВ.
Айта кетейік, төртінші санатқа жататын бригадада жұмыс істейтін жүргізуші видео арқылы кешірім сұрағанымен, аурухана басшылығы аталған фактіні негізге ала отырып, оны жұмыстан босатуға шешім қабылдаған.