Өңірлер

Шымкентте жоғалып кеткен үш жасар қыз табылды

Бүлдіршінді іздеу жұмыстарына бес жүзден аса полицей мен қызметтік иттер жұмылдырылды, бала кешкі он шамасында аман-есен табылды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Шымкентте полицейлер жоғалған үш жасар қызды тауып, ата-анасына қайтарды, деп хабарлайды қаланың полиция департаментінің баспасөз қызметі.

2 мамырда Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына 1999 жылғы жергілікті тұрғын арызданған. Айтуынша, түскі бір шамасында 3 жасар қызы үйден шығып, белгісіз бағытта жоғалып кеткен.

Бүлдіршінді іздеу жұмысына полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. 

"500-ден астам тәртіп сақшысы аулаларды тексеріп, тұрғындардан жоғалған қыз туралы сұрастырды. Сондай-ақ қызметтік иттер тартылды", - делінген хабарламада. 

Тағы оқыңыз: Қарағанды облысында жоғалған қыз белгісіз ер адаммен қараусыз қалған үйден табылды

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде үш жасар қыз сағат 22:10-да "Отырар" шағын ауданынан бір шақырым жерден аман-есен табылды. Полиция баланы ата-анасына жеткізді.

Шымкентте жоғалып кеткен үш жасар қыз табылды

Жоғалған қыздың әке-шешесі шымкенттік полицейлерге ризашылығын білдірді.