Өңірлер

Маңғыстау облысында төтенше жағдай: жүк көлігі газ құбырына соғылды - видео

Оқиға орнында төтенше жағдайлар бөлімі, "ҚазТрансГазАймақ" кәсіпорнының мамандары жұмыс істеп жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр — Sputnik. Маңғыстау облысында ауыр техника тиелген арнайы жүк тасымалдау көлігі газ құбырына соғылды.

"Бүгін сағат 12:50 шамасында Маңғыстау ауылындағы "Бесшоқы" тұрғын үй массивіне кірер жолда ауыр техника тиелген арнайы жүк тасымалдау көлігі жоғары қысымды газ құбырына соғылып, апатты жағдай тудырды", - деп хабарлады Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жүк көлігі газ құбырын 7 метр қашықтыққа сүйреп әкеткен. Оқиға орнына коммуналдық мекеме қызметкерлері, жедел жәрдем, төтенше жағдайлар бөлімі, "ҚазТрансГазАймақ" кәсіпорнының мамандары жұмылдырылан. Қазір газ құбырын жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Жергілікті әкімдіктің хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ.

"Аудан әкімі Рахат Тезекбайұлы "Бесшоқыдағы" ауыр жүк көлігі газ құбырына соқтығысқан апат орнына барды. Ол ҚазТрансГазАймақ мекемесінің қызметкерлеріне 5 мыңға жуық отбасы ертеңге дейін көгілдір отынсыз отыра алмайтынын ескертіп, жөндеу жұмыстарын жеделдетіп, кешке дейін аяқтауды тапсырды", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында жүк көлігі өртеніп кетті