НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр – Sputnik. Қазақстанда коронавирустың "қызыл" аймағына енгізілген өңірлердің тізімі өзгерді, деп хабарлады COVID-19 індетін таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Оқи отырыңыз: Өткен тәулікте 2800-ден астам адамнан коронавирус анықталды
Алматы облысы "сары" аймақтан "қызылға" орын ауыстырды. Атырау облысы керісінше "қызыл" аймақтан "сарыға" өтті. Сонымен 2 мамырдағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы мынадай:
- "Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары.
- "Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.
- "Жасыл" аймақта: Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары.