2019 жылы Жамбыл облысының 80 жылдығы мерейтойына орай өңірде бірінен кейін бірі жаңа нысандар бой көтерді. Соның бірі – "Тектұрмас" этно-тарихи кешені.
Оқи отырыңыз: "Қазақстандағы Венеция": Түркістанда "Керуен-Сарай" туристік кешені ашылды – фото
Бұл айрықша нысан Талас өзенінің жоғарғы жағалауындағы "Тектұрмас" тауының биік таулы беткейінің 24 гектар аумағын алып жатыр. Ол тарихнама іспеттес бой көтерген. Себебі мұнда орналасқан мүсіндердегі жазулар Тараздың қалыптасу тарихынан сыр шертеді.
"Тектұрмас" кешенінің фотоларын Sputnik Қазақстан фотолентасынан көре аласыз.