Sputnik агенттігінің коммуникация бойынша департамент директоры Петр Лидовке берген сұхбатында Мария Захарова Америка визасын алу жүйесін сынады.
"Виза беру тәртібі АҚШ-тағыдай ешбір мемлекетте күрделенбеген. Мұнда өтініш білдірген азаматпен көзбе-көз кездеседі, мерзімі ұзақ. Біз америкалықтарға бетпе-бет кездесусіз 7-10 күн ішінде визе береміз. АҚШ-тан ресейлік дипломаттар қуылғаннан кейін де біз виза беру тәртібін өзгерткен жоқпыз", - деді ол.
Сонымен қатар Захарова Батыс Ресеймен қарым-қатынасты әдейі нашарлатып жатыр деп мәлімдеді.
"Біздің конструктивті диалог орнатуға бағытталған кез келген әрекетіміз ЕО тарапынан бұғатталып отырды", - деді Захарова.
Мария Захарованың толық сұхбатын мына жерден оқи аласыздар.