Оқиға

Макинск құс фабрикасы отқа оранды – фото

Өрт кезінде ғимарат бос болғандықтан құстарға зиян келген жоқ. Қазіргі кезде өрттің себебі анықталып жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Бейсенбі күні кешке Ақмола облысының Бұланды ауданындағы Макинск құс фабрикасының №7 ғимараты отқа оранды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Макинск құс фабрикасы отқа оранды – фото

"Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылының нәтижесінде 43 минут ішінде 800 шаршы метр аумақтағы тілсіз жау ауыздықталды. Сөйтіп қызыл жалынның басқа объектілерге өтуіне жол берілмеді", – делінген төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Макинск құс фабрикасы отқа оранды – фото

№7 ғимараттың жалпы ауданы 1 930 шаршы метрді құрайды. Өрт салдарынан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт кезінде ғимарат бос болғандықтан, құстарға да зиян келмеді.

Макинск құс фабрикасы отқа оранды – фото

Айта кетейік, оқиға орнында 10 өрт сөндіруші-құтқарушы мен мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің үш маманы және Макинск құс фабрикасының жеті қызметкері жұмыс істеді.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.