Әлем

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс әлі жалғасып жатыр - видео

Куәгерлер оқиға орнынан түсірілген видеомен бөлісті. Көрші мемлекеттердің шекарасындағы жағдай күндіз шиеленісті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір - Sputnik. Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс болып, жарылыс дыбысы естіліп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Әлеуметтік желіде қақтығыс болған жерден видео жарияланды. Кадрда адамдардың жертасада жатқаны байқалады.  

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік комитеті Тәжікстан ішкі істер министрлігінің шекара әскерлері мен арнайы жасағы сағат 14:00-де Баткен облысының Көк-Таш ауылындағы "Головной" бастоғанына жаппай оқ жаудыра бастағанын, минаатқыш, пулемет, автомат қолданғанын хабарлады.

Оқиға орнында Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының бірінші орынбасары, шекара қызметінің директоры Ұларбек Шаршеев жүр.

"Оқиға болған жерде Ұларбек Шаршеев жағдайды үйлестіріп, тәжік шекарашылары арандатқан қарулы қақтығысты оқшаулау бойынша шаралар қабылдауда", - деп хабарлады Қырғыз Республикасының ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті.

Оқиғадан бір күн бұрын Тәжікстан азаматтары мемлекеттер тарапынан демаркация жүргізілмеген шартты шекарадан 3-4 метр қашықтықта Ақ-Суу өзенінің жағасынан ұсақ тас тиеген. Бұдан кейін тәжік тарапы Қырғызстанның Баткен ауданындағы "бас су айрығында" бейнебақылау камераларын орната бастаған, деп жазады Sputnik Қырғызстан.

Оқи отырыңыз: Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында жағдай ушықты: аймақта не болып жатыр

Тәжікстан 1924-1927 және 1989 жылдардағы карталарға сәйкес гидроқұрылыс олардың еліне тиесілі екенін айтты. Су тарату пункті 1968 жылы салынған және Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстанның шекаралас қалалары мен аудандарының жер суландыру жұмыстарына арналған.