Қоғам

Елордада Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнатылады

Ескерткіш демеушілердің қаражатына қалалық саябақта ашылады деп жоспарланып отыр, үздік эскиз-идеяға байқау жарияланды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Елордада әнші, композитор Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнатылады. Әкімдік үздік эскиз-идеяға байқау жариялады.

"Ұсыныстарды Birge платформасына – оң жағында төменде тұрған "Кері байланыс" батырмасы арқылы жіберуге болады", - делінген қала әкімдігінің ресми сайтында.

Ескерткіш қалалық саябақта ашылады деп жоспарлануда.

Жоба демеушілер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Тағы оқыңыз: "Үнемі күліп жүретін": танымал әнші Батырхан Шүкенов туралы не білеміз?

Әнші 53 жасқа қараған шағында 2015 жылы 28 сәуірде кенеттен жүрегі тоқтап, Мәскеуде қайтыс болды.