Қоғам

#ImanbekDanceChallenge: танымал әншілер ерекше челлендж бастады – видео

Қазақконцерттің Алматы қаласы филиалының әртістері әлемдік челленджді жаңа форматта бастады  
Sputnik

АЛМАТЫ, 29 сәуір – Sputnik. Қазақстандық әртістер 2020 жылы танымал болған #JerusalemaDanceChallenge әлемдік челленджін жаңа форматта көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақконцерттің Алматы қаласы филиалының әртістері бұл челленджді Иманбектің "Roses" әніне жазылған ремиксі негізінде жалғастырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Qazaqconcert (@qazaqconcert)

Флешмобқа Қазақстанның халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, әнші Айжан Нұрмағамбетова, Жанна Орынбасарова, Сая Махамбет, Бибігүл Қилымхан, Перизат Омарбекова, Марал Анарбек, "Азия" және "Меломен" тобының өнерпаздары қатысты.

"Жаңа форматтағы челлендж пандемия кезінде халыққа қолдау көрсетуге және көтеріңкі көңіл күй сыйлауға бағытталған. #ImanbekDanceChallenge позитивке шақырып, адамзатты бірлік пен ынтымаққа үндейді", - дейді ұйымдастырушылар.

Сонымен қатар Қазақконцерт әртістері жаңа челленджді барлық концерттік ұйымға жолдады. Осылайша қазақстандық таланттардың хитін трендке айналдыруға шақырды.

Оқи отырыңыз: "Хит болады": Иманбектің шетелдік жұлдыздармен бірлесе жазған жаңа әні шықты

Айта кетейік, 15 наурызда Ақсу қаласының тұрғыны Иманбек Зейкенов америкалық әнші SAINt JHN-ның "Roses" әніне жасаған ремиксі үшін беделді "Грэмми" сыйлығын алды. Бұл видеожазбаны миллионнан астам адам көрген. Аталған трек Billboard Hot 100 рейтингінде үздік бестікке енген еді.