НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір — Sputnik. Алматыда үш жасар баланы шағын жүк тиегіш басып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Алматыда жүк тиегіш баланы басып өлтірді – фото
© Sputnik / Стрингер
Қайғылы оқиға 28 панфиловшылар саябағында болған. Үш жасар бала шіркеудің алдында көгершіндермен ойнап жүрген. Осы кезде саябақпен келе жатқан жүк тиегіштің жүргізушісі оны басып кетті. Ер адам бұл оқиғаның қалай болғанын өзім де түсінбедім дейді.
Алматыда жүк тиегіш баланы басып өлтірді – фото
© Sputnik / Стрингер
2018 жылы туған бала жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды. Жол полициясының қызметкерлері мен криминалистер оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.